Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Ливанның оңтүстігіндегі бітімгершілік жасақтарын аралап көруде

Кофи Аннанның ұшағы осыдан сәл бұрын Жерорта теңізі жағалауындағы халықаралық күштер уақытша орналасқан Накоура қаласының әуежайына қонды. БҰҰ-ның басшысы Иерусалимге де бүгін барып, Израил жетекшілерімен келіссөздер өткізеді. Кофи Аннанның осы аптада Иран мен Сирияға да сапарлары жоспарланған.