К.Аннан Израиль премьер-министрімен кездесті

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан халықаралық бітімгершілік күштерінің 5 мың өкілі орналастырылғанда Израиль Ливанның оңтүстігіндегі барлық әскерін шығарады деп үміттенетінін айтты. Иерусалимде сөйлеген сөзінде Аннан Хизбаллаһ тарапынан ұрланған екі Израиль жауынгерін ешқандай шарт қоймастан азат етуге шақырды.