Тәжікстанның президенттік сайлауы 6-шы қарашада өтетін болды

Тәжікстанның алдағы президенттік сайлау қарашаның 6-сында өтеді деп белгіленді. Бұл күн сонымен қатар осы елдің Конституция күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұндай шешім парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жасалды. Тәжікстан президенті Имомали Рахмонов өзінің үшінші мерзімге сайлауға түсетіні туралы айтпады. Дегенмен, саяси сарапшылар оның сайлауға түсетінін айтуда.