Стокгольмде бас қосушы халықаралық донорлар соғыстан зардап шеккен Ливанға 940 миллион доллардай көмек беруге уәде етті

Бұл - межеленгеннен екі есеге жуық көп болып отыр. Швеция астанасындағы конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көмек бұдан бұрынғы уәде етілген қаржыға қосымша ғана. Сонымен, тұтастай алғанда Ливанды қайта қалпына келтіру ісіне 1 миллиард 200 миллион доллар бөлінбекші.