Иран ресмилері ұшақ апатына тергеу жүргізуді бастады

Иранның солтүстік шығысындағы Мешхед қаласындағы ұшақ апатынан 29 адам қаза болды. Тағы 43 жолаушы жараланған. Алдыңғы хабарларда құрбан болғандар саны 80 деп айтылған еді. Иран мемлекеттік телеарнасында сөйлеген сөзінде, елдің азаматтық авиациясының басшысы Нуроллах Резай Ниараки, ұшақ жерге қонған кезде сол қанаты жерге тиіп өрт шыққанын айтқан. Иранның портты қаласынан ұшып шыққан Ту-154 жолаушылар ұшағында 150 адам болған.