Сенбі күні Астанада Орта Азия елдері жетекшілерінің аймақтық бейресми саммиті өтті

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысып, экономикалық және су мәселесін талқылаған. Саммит соңынан жоспарланған баспасөз мәслихаты өтпей қалған. Қазақстан президенті Орта азиялық әріптестеріне Астананың көрнекті жерлерін көрсеткен.