Ауғаныстанның оңтүстігінде апатқа ұшыраған НАТО ұшағында 14 британиялық әскер мерт болды

НАТО өкілі майор Скот Ланди Ауғаныстандағы өз миссияларына қолдау жасап жүрген ол әскери ұшақ Қандағардан 20 шақырымдай алшақ ашық жерде құлағанын айтып отыр. Алдыңғы деректерге қарағанда, ұшақтың апатқа ұшырауы техникалық олқылықтан болған. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі мұны “өте ауыр және жанжалды апат” деп атады.