Оңтүстік Азиялық 14 зиярат етуші Ирақта қаза тапқан

Шииттердің қасиетті Кербала қаласына кетіп бара жатқан зиярат етушілердің автобусына Анбар провинциясында шабуыл жасалған. Полицияның деректеріне қарағанда олардың кейбірін өлтірер алдында азаптап-қорлаған. Ал Бағдадта бүгін болған екі жарылыста кемінде екі адам құрбан болып, 20 адам түрлі жарақат алған. Барлығы осы аптаның өзінде Ирақта түрлі шабуылдар мен қақтығыстарда 200-дей адам мерт болған.