Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Афинаға келді

Онда ол Греция премьер-министрі Костас Караманлис және Болгария президенті Георгий Пырвановпен кездеседі. Үш басшы Ресей мұнайын Болгария порты Бургасқа, одан әрі Егей теңізіндегі Грек порты Александрополиске жеткізу мәселесін талқыламақшы. Владимир Путин одан кейін Оңтүстік Африкаға ресми сапармен барады деп күтілуде.