Ресей мен Оңтүстік Африка мемлекеті достық және өзара әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды

Бұл шара Ресей президенті Путиннің Оңтүстік Африка президенті Тхабо Мбекимен Кейптаун қаласындағы кездесуі кезінде іске асты.

- Біздің бір компаниямыз Оңтүстік Африка экономикасына бір млрд доллардай инвестиция енгізбек. Тағы бір компаниямыз электр қуатын дамыту саласында, сондай-ақ, алюминий зауытын салуға көмектеспек, - деді президент Путин.

Ресей президенті Оңтүстік Африка еліне алғаш рет ресми сапармен келіп отыр.