Кеше Сібірдің Чита облысындағы өрт шыққан шахтадан бүгін 12 шахтердің мәйіті табылды

Бұл Қытаймен шекаралас алтын өндіруші кен орнында болған апат кезінде 60 шақты адам жұмыс істеп жатқан. Құтқарушылар әлі 21 адамды іздеп жатыр. Өрттен кейнгі түтіннің иісінен уланған бірнеше құтқарушының өзі емханаға түскен.