Польшада ұсталған қырғыз оппозициясының лидері Бішкекке оралды

Өткен аптада Польшада есірткімен ұсталды делінген Қырғыз оппозициясының лидері Омурбек Текебаев Бішкекке оралды. Оппозиция қолдаушылары Текебаевты жақтау мақсатында бүгін Бішкекте митинг ұйымдастырмақшы. Польшадағы сот Текебаевтың арызын қабылдап, оны босату керек деген шешім шығарды.