АҚШ президенті теледидар арқылы мәлімдеме жасады

Президент Джордж Буш өзінің жолдауында терроризмге қарсы соғысты “өркениетке ұмтылу” деп атап, бұл соғысты жеңу үшін Америка халқын бірігуге шақырды. Бүкіл Америка халқы 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегі күні орын алған лаңкестік шабуылдардың 3 мыңдай құрбанын еске алуда. АҚШ президенті ұшақтар құлаған үш жерге, яғни Нью-Йорк, Вашингтон және Пенсильваниядағы алаңға барып, құрбандарды еске алу рәсіміне қатысты.