Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің форумы өтеді

Бүгін Қазақстан астанасы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің 3-күндік форумы ашылады. Бұл жиынға 20-дан астам елден келген делегациялар мен әлем елдерінің рухани басшылары қатысады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев форумға келген кейбір мұсылман жетекшілерімен және тағы басқа қонақтармен кездесті.