Түркия полициясы жарылысты жүзеге асырғандарды іздеуде

Түркия полициясы елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбакир қаласында орын алған жарылысқа жауапты болған адамдарды іздеп жатыр. Сейсенбі күнгі ол жарылыстан кемінде 7 адам қаза тауып, 17 кісі жараланған болатын. Түркиядан келіп түскен хабарға қарағанда, құрбан болғандардың арасында шамамен 5 бала болған. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім әлі өз мойынына алмады.