АҚШ президенті Дж.Буш Таяу шығыс халқына арнау сөз жолдап, «Америка Исламды құрметтейді және біз мұсылмандармен соғысып жатқан жоқпыз» деп атап көрсетті

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 61-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде АҚШ жетекшісі, сондай-ақ, Ирақ пен Ауғанстан, Ливан және Палестин жерлерінде демократияның алға басқанын да атап өтті. Ал бірақ Дж.Буш бұл аймақтағы басқа елдердің, олардың қатарында Иран мен Сирияның басшылары турасында қатты сын айтты.