Ұлттық компаниялардың басшылары айына 34 мыңнан 365 мың долларға дейін жалақы алған

АСТАНА: Кеше Қазақстан президенті Н.Назарбаев “Қазақтелеком” компаниясының басшысын қызметтен дереу босатуға нұсқау берді. “Қазақтелеком” акционерлік компаниясының президенті Қайрат Кәрібжановтың 365 мың доллар айлық жалақы мен жыл сайын 2 млн. доллардан асатын ақшалай сыйлық алып отырғанына Н.Назарбаев ащы наразылық білдірді. Сонымен қатар Қазақстан президенті ұлттық компаниялардың өздеріне тым көп жалақы тағайындаған басшылары алған ақшаларын қазынаға өздері қайтармаса, олардың есімдерін жариялайтынын мәлімдеді.