НЬЮ-ЙОРК: Кеше Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад ядролық проблема бойынша Еуроодақпен арадағы келіссөз “дұрыс жолмен келе жатыр” деп мәлімдеді. Бұл пікірін Иран лидері Нью-Йорктегі БҰҰ-ында өткізген баспасөз-маслихатында айтты. Сонымен қатар Махмуд Ахмадинеджадтың атап көрсеткеніндей, егер халықаралық қауымдастық жағынан бірқатар кепілдік берілетін болса, онда уран шикізатын байыту бағдарламасын тоқтату мәселесі бойынша келіссөзге Теһран дайын.