НАТО Грузиямен жақын байланыста болуға келісіп отыр

Бұл жөнінде Нью Йорктағы сыртқы істер министрлері бас қосуында шешім қабылданған. Бұл Грузияның НАТО-ға мүшелігі жолындағы тағы бір қадам болып тұр. НАТО бас хатшысы, мүшелік үшін орындалатын негізгі шарттар қатарында, Грузия жікшіл республикалар Абхазия мен Оңтүстік Оссетия арасындағы жанжалды реттеуі қажет, деді.