Бағдадтағы бомба жарылысында 31 адам қаза тапты

Ирақтық полиция сақшысы полковник Абдұлла Саданың хабарына қарағанда, Бағдадтың Садр сити ауданындағы бомба жарылысынан бүгін кемінде 31 адам құрбан болған. Бомба керосин сататын жердегі бөшке маңайына қойылған екен.