Құрама Штаттардың Ираққа ашқан соғысы Исламшыл радикалдар жаңа буынының пайда болуына және әлемдік лаңкестік әрекеттердің өршуіне алып келген

Мұндай қорытындыға АҚШ барлау агенттіктері келіп отыр. Бұл жөніндегі баяндама дәйектемесі “Нью-Йорк таймста” жарияланған еді. Газеттің жазуынша, аталған анықтама Ұлттық Барлау бағасының соңғы баяндамасында қамтылған. Ол құжат өз кезегінде Құрама Штаттардың мемлекеттік 16 барлау агенттіктерінің көзқарастарына құрылған екен.