Тәжікстандағы екі оппозициялық партия алда келе жатқан президенттік сайлауларға бойкот жарияламақшы

Социалистер партиясы мен Демократтар өз үміткерлерін ұсынбайтыны жөнінде бүгінгі конференцияларында мәлімдеді. Бұл қос партия да Конституцияға енгізілген өзгертулерді айыптауда. Ол өзгерістер президент Имомалы Рахмоновтың 6-шы қарашадағы сайлауларға үміткер ретінде қайта түсуіне мүмкіндік беріп отыр.