Өзіне қарсы ұйымдастырылған қастандықтан Гильменд өлкесінің әкімі аман қалды

КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Лашкар Гаһ қаласында болған жарылыстан кем дегенде 18 адам қаза болып, шамамен тағы осыншама кісі жарақат алды. Жарылғышты Гильменд өлкесі әкімінің кеңсесі жанында жанкешті-лаңкес іске қосқанға ұқсайды. Қаза болғандардың арасында бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлері бар. Әкімнің өзі аман қалды.