Түркменстанда 10 мың адамға рақымшылық жасалмақ

Науқан Ораза айына орай және Түркіменстан тәуелсіздігінің 15-жылдығына орай бұйырылды. Рақымшылықты президент Сапармұрад Ниязов жариялады. Ауыр қылмыс жасағандар, оның ішінде мемлекетке қарсы қылмыс жасады деп танылғандар рақымшылыққа ілінбейді.