Бақиев "Манас" әуежайында болған қақтығысты тергеуді бұйырды

Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев "Манас" әуежайының ұшу алаңында кеше кешкісін болған қақтығысты тергеуді бұйырды. "Ту-154" қырғыз жолаушы ұшағы америкалық әскери ұшақпен қақтығысты. Америкалық ұшақта өрт шығып, тезарада сөндірілді. Қырғыз ұшағында 59 адам болған, америкалық ұшақта үш адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.