Украина Бабияр қырғынының 65 жылдығын атап өтуде

Екінші дүниежүзілік соғыстың ең бір қайғылы оқиғасы - Бабиярда нацистер 1941 жылы екі күннің ішінде 33 мың адамды атып тастаған болатын, олардың басым көпшілігі еврейлер еді. Киевтегі еске алу шараларына Украина президенті Виктор Ющенко мен Израил президенті Моше Катсав қатысты.