АҚШ президенті Ауғанстан мен Пәкістан басшыларын лаңкестікке қарсы ынтымақтастыққа шақырды

АҚШ президенті Дж.Буш Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Первез Мүшарраффқа қонақжайлылық құрмет көрсетіп, дастархан басындағы бейресми кездесу бұл екі басшының арасындағы шиеленісті қарым-қатынасты жұмсарта түсер деген үмітте. Ауғанстан мен Пәкістан жетекшілері лаңкестікпен күресте жеткіліксіз жұмыс жасалды деп бірін-бірі соңғы екі күн бойына айыптаған болатын.