Берлинде Техранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегінде Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі мен Иран өкілінің келіссөздері өтті

Хавьер Солана мен Али Ларижанидың айтуынша, олар бірқатар табыстарға жеткен, дегенмен қандай да бір ұйғарым-келісім жасала қоймаған. Солана пікір алмасулар келесі аптада да жалғасатын болады деді. Қуатты деген алты ел Иран уран байытуды тоқтататын болса, бірқатар бастамалар жиынтығын ұсынамыз деген-ді, алайда Техран бұл қимылдан бас тартпай отыр.