Бағдадта жексенбіге дейін коменданттық сағат жарияланды

Ирақ үкіметі Бағдадтың барлық ауданында алдағы жексенбінің таңертеңі – яғни қазанның 1-іне дейін коменданттық сағат тәртібін жариялады. Коменданттық сағат діни секталық жанжалдың қыза бастаған кезіне тұспа-тұс келіп отыр. Жұма күні Саддам Хұсейн және оның көмекшілерін соттап жатқан жаңа судьяның күйеу баласы Бағдадта атып өлтірілді.