АҚШ әкімшілігі өздерінің Ирақтағы қақтығыстар мен зомбылықтар жөніндегі ақпараттарды жасырып отыр дегенді жоққа шығарды

Ақ Үй өкілі Тони Сноу, Уашингтон Ирақтағы жағдай жөнінде қоғамнан ештеңе жасырмай келеді деген. Мұндай мәлімдемеге американдық ардагер журналист Боб Вудуардтың жаңа жарық көрген кітабы себеп болды. Оның кітабында, Ирақтағы одақтас күштердің әскерлеріне әрбір 15 минут сайын шабуыл жасалады деп жазылған. 30 жыл бұрын Вудуорд “Уотергейт жанжалы” туралы жазып, оның салдарынан президент Ричард Никсон қызметінен кеткен.