Ресей шахматшысы В.Крамник әлі де 3.5 : 2.5 есебімен алда келеді

ЭЛИСТА: Кеше Ресейдің Элиста қаласында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін бәсеке жалғасып, болгариялық гроссмейстер Веселин Топалов пен ресейлік әлем чемпионы Владимир Крамник 6 партияны итжығыспен аяқтады. Нәтижесінде есеп Крамниктің пайдасына 3.5 да 2.5 болды.