АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Таяу Шығыс елдерін аралап жүр

ӘР-РИАД:АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Таяу Шығысқа сапарының барысында Сауд Арабиясына келіп тоқтады. Бүгін Райс ханым Саудия патшасы Абдулламен және сыртқы істер министрі Сауд Әл-Файсалмен кездесіп, Таяу Шығыс жанжалын және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты талқылауға тиіс. Одан кейін мемлекеттік хатшы Мысырға аялдайды және Израиль мен Палестинаға да ат басын бұруға тиіс.