АҚШ президенті Джордж Буш ішкі қауіпсіздік заңына қол қойды

Заңда АҚШ-Мексика шекарасында заңсыз иммигранттарға қарсы қабырға салуға 1 миллиард 200 миллион доллар бөлініп отыр. Жалпы ішкі қауіпсіздік бағдарламаларына 33,8 миллиард доллар бөлініп отыр. АҚШ-та шамамен 12 миллион заңсыз иммигрант тұрады деп есептеледі, олардың көбі Мексикадан өтіп кеткен.