Берлин мен Анкараның қарым-қатынасында әлі де салқындық бар

АНКАРА: Германия канцлері Ангела Меркель Түркия президенті Ахмет Сезермен және түрік премьер-министрі Реджеп Эрдоганмен келіссөз жүргізу үшін бүгін Анкараға сапарға барады. Екі елдің арасында тығыз экономикалық байланыс болғанымен де, Берлин мен Анкараның қарым-қатынасында салқындық бар. Р.Эрдоган Германия түріктері мен мұсылмандарына қысым жасауға болмайды деп мәлімдесе, өз кезегінде Меркель ханым Түркияның Еуроодаққа мүше болуына қарсы.