Ирақта қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің қатары тез өсіп келеді

БАҒДАД: Соңғы 4 тәуліктің ішінде Ирақта 22 АҚШ жауынгері қаза тапты, деп хабарлайды АҚШ әскерінің басшылығы. Сәрсенбі күні ғана 4 американ жауынгері жер құшты. Жалпы Ирақтағы өткен тәулікте түрлі шабуыл мен жарылыстан 30-дан астам адам қаза тапты. Ең зор қанды оқиға Бағдадтың іргесінде болды. Үкіметтің автокеруені келе жатқан жолдың бойында бомба орнатылған автокөлік жарылып, 14 кісі көз жұмып, 75 адам жараланды.