АҚШ Тәжікстандағы президенттік сайлауға үміт артып отыр

АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер Тәжікстанда қараша айында өтетін президенттік сайлау халықаралық талаптарға бір қадам жақындауы мүмкін, Тәжікстанда болашақта демократиялық тұрақтылық орнатуға септігін тигізуі ықтимал деді. Ричард Баучер кеше Душанбе қаласында тәжік президенті Эмомали Рахмоновпен келіссөз өткізді. Тараптар екі елдің энергетика жобаларын сөйлесті, президенттік сайлау мәселесін сөйлесті. Тәжікстанды 14 жыл билеп отырған Эмомали Рахмонов үшінші мерзімге сайланбақ.