Халықаралық қауымдастық белгілі Ресей журналисі Анна Политковскаяның өлтірілуіне байланысты күйініш білдіруде

Анна Политковская Шешенстандағы соғысты қатты сынаған болатын. Оның мәйіті сенбі күні Мәскеу орталығында табылды. Еуропа Одағы Ресей билігін журналистің өлімін мұқият тергеуге шақырды. Ал АҚШ Политковскаяның өлтірілуіне байланысты өте қайғырып отырғандығын мәлімдеді.