Израиль әскері ФАТХ қозғалысының бір мүшесін атып өлтірді

ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Наблус қаласының іргесінде орналасқан Балата босқындар лагерінде Израиль жауынгерлері Палестина президенті М.Аббас бастаған ФАТХ қозғалысының қарулы мүшесін атып өлтірді, кемінде тағы 2 өкілін жаралады. Израиль армиясы жағынан адам шығыны жоқ.