АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Жапонияға сапармен келді

Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Токиода Солтүстік Кореяның ядролық сынағына жауап ретінде енгізілген санкциялар туралы келіссөздер өткізіп жатыр. Жапония сыртқы істер министрімен кездесуден шыққан соң Райс ханым журналистерге айтқанында, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянға мұндай әрекеттеріне жол берілмейтінін, оның салдарынан оқшауланып қалатынын көрсетті деген. Мемлекеттік хатшының осы аптада сонымен қатар Оңтүстік Корея, Қытай және Ресейге де сапары жалғасады.