Ауғанстанда екі жанкештілік шабуыл жасалды

Ауғанстанның Лашқар Гах қаласында жанкештілік шабуыл жасалды, екі ауған баласы қаза тапты, он адам жарақат алды. Жараланғандардың ішінде үш британиялық сарбаз бар. Жанкешті шабуылы Қост қаласының маңында да орын алды, бір полиция офицері қаза тапты, кемінде төртеуі жарақат алды.