Кондолиза Райс Бан Ки Мунмен Солтүстік Корея мәселесін талқылады

АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс және Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Бан Ки Мун Солтүстік Корея екінші ядролық сынағын жасаса "салдары қазіргіден қатты болады" деп ескертті. Екі министр Сеул қаласында кездесті, Кондолиза Райс Солтүстік Кореяны алты тарап жүргізетін келіссөзге ешқандай шарт қоймай оралуға шақырды, бұл осы ел үшін ең дұрыс жол болады деді. Мұндай үндеуді Бан Ки Мун да айтты.