Иранның бұрынғы дептутаттары қамауда отырған бір құқық қорғаушы белсендіні босатуды сұрауда

Иранның 80-дей реформашыл депутаты өздерінің әріптесі құқық қорғаушы белсенді Али Акбар Мусавиді қамаудан босатуға үндеп отыр. Ол маусымның 12-сінде абақтыға жабылған. Белгілі құқық қорғаушы болған Мусави Техранда өткен әйелдердің құқы жөніндегі бейбіт жиында ұсталған. Оған тағылған айыптар түсініксіз болып, билік оған адвокатты да жібермей отыр.