Ауғанстанда соңғы 10 күннің ішінде 15 тонна есірткі тәркіленген

Олар негізінен марихуана мен апиын. Есірткі контрабандасымен күрес жөніндегі ұлттық мекеменің басшысы, генерал Мұхаммед Даудтың хабарлауынша, арнайы операциялар жеті провинцияда өткізілген. БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, Ауғанстанда апиын көкнәрін өсіру биылғы жылы рекордтық деңгейге жеткен.