Франция мен Қытайдың Солтүстік Кореяның ядролық сынағы турасында алаңдаушылық білдіретіні жөніндегі мәлімдеме бейсенбі күні Ху Жиңтао мен Жак Ширактың арасында өткен келіссөзден кейін жарық көрді. Қытайда төрт күннен бері сапарда жүрген Франция президенті негізінен екі елдің арасындағы сауда айналымына басты назар аударды. Мұның алдында Франция Қытайға 150 әуекемесін сатамыз деген болатын.