Аргентина орыс қару-жарағын сатып алмақ

Аргентина қорғаныс министрі Нильда Гарре кеше Мәскеуде Ресей қорғаныс министрі Сергей Ивановпен кездесті, орыс қару-жарағын сатып алуды сөйлесті. Аргентина Ресейден әскери тікұшақтарды, әуе қорғаныс зымырандарын сатып алмақ. Ресей Аргентина көршісі Венесуелаға қазірдің өзінде үш миллиард доллар сомасында қару-жарақ беріп отыр.