Сенбі күні Мәскеуде ұлтшылардың шеру өтуі мүмкін

Бүгін Ресейдің прокуратурасы ұлтшылдар тобы ресми тыйым салынғанына қарамастан сенбі күні Мәскеуде шеру өткізбекші деп ескертіп отыр. Бұл күн Ресейде халықтар бірлігі күні болып белгіленген. Өткен жылы осы мерекеде 2000-дай радикалды ұлтшылдар шеру өткізген.