Израиль шабуылынан бір палестиндік қаза тапты

Израильдің Газа аймағына жасаған әуе шабуылынан палестиндік бір жасөспірім құрбан болды. Атылған зымыран Бейт Лахиядағы мектептің алдында құлады, оның салдарынан 4 кісі жарақат алды. Израиль күштері палестиндік соғысушылардың зымыран атқылауын тоқтату мақсатында Газа аймағындағы әскери операцияларын одан әрі жалғастыруда. Соңғы күндері кемінде 49 палестиндік пен бір Израиль жауынгері қаза тапқан болатын.