Жаңа Конституция жобасы Қырғызстанда қызу талқылануда

Президент Құрманбек Бакиев елдегі басқа да ірі саясаткерлермен ол жобаны және оны тезірек қабылдау жолдарын ақылдасты. Бүгін депутаттар Конституцияға өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін заңнамаға өзгерістер енгізуді дауысқа салған болатын. Ол заңнама күшіне ену үшін президент қол қоюы тиіс. Содан кейін ғана депутаттар Конституцияға өзгерістер енгізуді талқылайтын болады.