Хиллари Клинтон АҚШ Сенатына екінші рет сайланды

Бұрынғы президент Билл Клинтонның жұбайы Хиллари ханым сайлауға Нию- Йорк штатынан түскен болатын. Өз қарсыласы Джон Спенсерді оп-оңай жеңгені алғашқы мәліметтерден-ақ байқалған еді. 2008-ші жылғы АҚШ президенттік сайлауларына үміткер боп қатысуы мүмкін деген әңгіме Хиллари Клинтон төңірегінде кең тұрғыда айтылып келеді.