Иранның жоғары лауазымды өкілі Али Ларижани бүгін Мәскеуге барады

Онда Иранның ядролық бағдарламасы турасында Ресей ресмилерімен келіссөздер өткізіледі. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық күш-жігердің дипломатиялық бағытта болғанын қалайды деп атап көрсеткен.